«Барлық адамға адал, мұсылманға харам!»
Баяғыда бір мұсылман адам құдық қаздырып, үстіне: «Барлық адамға адал, мұсылманға харам!» деген жазу жаздырыпты. Әрине, мұсылман халық бұған наразы болыпты. Бір күні бұл сөз Сұлтанның да құлағына жетеді.
Сұлтан әлгі адамды шақырып алып: «Бұл қандай бүлік? Діні Ислам, халқы мұсылман болған менің елімде құдық қазасың да, оның суын мұсылманға ішкізбейсің, ал басқаларға рұқсат етесің! Бұл қалай?» – деп ашуланыпты.
Адам: «Рұқсат етсеңіз, себебін айтайын», – депті.
«Айт!» – депті Сұлтан.
Адам: «Сұлтаным, бұл ел сіздің билігіңізде ғой. Кез келген синагогадан бір раввинді ұстап, бір апта қамаңыз. Сонда не болатынын көресіз», – депті.
Сұлтан оның айтқанын орындапты. Раввиннің ұсталғанын естіген еврейлер бірден наразылық білдіріп: «Бұл не болып жатыр? Бұл қандай фашизм? Біздің дін қызметкеріміз жазықсыз. Біз оған кепіл боламыз, қажет болса кепіл төлейміз», – деп шулапты. Тіпті көрші елдерден де елшілер келіп, Сұлтанға хаттар жолданыпты.
Бір аптадан соң раввин босатылыпты. Еврейлер қуанып, Сұлтанға алғыс айтып, сыйлықтар әкеліпті.
Сонда әлгі адам: «Енді дәл осыны бір шіркеудің попына жасап көріңіз, Сұлтаным», – депті.
Попты да ұстап әкеткенде, жұрт тағы да дүрлігіп, «Демократия қайда? Өркениет қайда?» деп ұрандапты. Бір аптадан кейін поп та босатылып, оған да көпшілік қуанып, алғыс білдіріпті.
Сонда адам: «Сұлтаным, енді бір молданы қаматып көріңіз», – депті.
Сұлтан оның айтқанын орындап, мешіттің молдасын жұма уағызының ортасында ұстап алып кетіпті. Бірақ бұл жолы ешкім қарсылық білдірмепті. Ешкім «Не болып жатыр?» деп сұрамапты.
«Молдамыз қайда?» деп іздеп келген бірде-бір адам болмапты. Керісінше, жұрт молда туралы өсек айта бастапты:
«Біз оны жақсы молда екен деп сеніп жүрсек…»
«Қандай қылмыс жаса да ауыр қылмыс жасапты»
«Ақша жеген шығар»
«Бізге уағыз айтқанша өзін жөндеп алмай ма…»
Сұлтан мен әлгі адам бәрін бақылапты. Бір аптадан соң молданы да босатыпты.
Сонда адам: « Сұлтаным, енді айтыңызшы, осындай мұсылмандарға су беруге бола ма?» – депті.
Сұлтан басын шайқап:
«Су түгіл, ауа да бермеу керек екен!» – депті.

