Балқашта Бауыржан Момышұлының құрметіне арналған аялдама орнатылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Отыз жылдыққа- отыз аялдама» акциясы жалғасуда және тағы бір аялдама Балқаш қаласында безендірілді.

 

 

Автобус аялдамасынан Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі, ерлігі және шығармашылығымен танысуға болады. Батырдың өршіл, рухты қанатты сөздері өскелең ұрпақты батылдыққа, елге, жерге деген сүйіспеншілікке, ана тілін құрметтеуге, қайсарлыққа, адамгершілікке, азаматтыққа, парасаттылыққа тәрбиелейді.

 

 

                                                                                       Жомарт Шаймұрат