Балғынбек Алексей Цойды қарғап тастады

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың көктемде коронавирустың елімізде таралу ауқымы жайлы болжамына қарғыспен қарсылық білдірді. Ақын өзінің Instagram парақшасында «Қой үстіне бозторғай, Цой жағына жылан жұмыртқаласын!» деген жыр жолдарын қалдырды.

Жуырда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: «Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың науқас тіркеліп, ауруханаларда 24 мың төсек-орын бос болмауы мүмкін. Бұл сценарий кезінде қатаң карантин шараларын енгізу жоспарланып отырған жоқ. Ал реалистік және пессимистік сценарий бойынша күн сайын 6-9 мың адам вирус жұқтырады деген болжам бар», — деген болатын. Бұл болжамды ұнатпаған Балғынбек Имашев төмендегі жыр жолдарын жариялады.

«Қой үстіне бозторғай, Цой жағына жылан жұмыртқаласын!

Цой жыры

Карантиннің құдірет күші әлдилеп,

Бар әлемнің суылдатқан жүрегін.

Адамдарды ойлайды ма зомби деп,

Екпе салмақ қалдырмастан біреуін.

Қайырмасы:

Цой үстінде қатты күндер, қатты күндер,

Шықпаса екен «наконец!» деп шаттық үндер.

Кім айтады бұл әлемдік қойылымның,

Авторлары нақты кімдер, нақты кімдер?

Вакцинация — боп тұр ажал бесігі,

Біліп алдық Билл Гейтстің ойларын.

ВОЗ дегенің — барлық дерттің есігі,

Орындаушы болмаса екен Цойларың.

Қайырмасы:

Министрлер дәріден жер, маскыдан жер,

Есі дұрыс қалмаған ба жақсы дәрігер?

Кім ауырады, кім өледі, қашан өледі,

Шеттерінен бақсы-балгер, бақсы-балгер.

Цой үстінде нақты кімдер, нақты кімдер?

Басқарып тұр әлемдегі БАҚ-ты кімдер?

Жалғандықты жалау етпей журналистер,

Қара қылды қақ тіліңдер, қақ тіліңдер!» — деп жырлаған ол.

 

Дереккөз:turkystan.kz