«Баласының көңіл-күйіне көп көңіл бөлетін ата-аналар болашағын ойлаған ата-аналар»

«Баласының көңіл-күйіне көп көңіл бөлетін ата-аналар болашағын ойлаған ата-аналар»
Сіздің жылы алақаныңыз, мейіріміңіз, маххабатыңыз ертеңгі күні балаңыздың дұрыс дамып, өмірде жақсы азамат болып қалыптасуына кепіл бола алады. Жылылыққа деген қажеттілік- адамдық қалыптасудың іргетасы қажеттілік екенін психологтар дәлелдеп шығарған. Сіздің қамқорлығыңыз арқылы ол үлкен өмірге, шексіз әлемге деген өзінің базалық сенімін қалыптастырады. Ол кезде бала сабырлы бола бастайды,жалғыз қалудан қорықпайды,өзіне керегін өзі тауып алады. Егер базалық сенім қалыптаспаса, ондай бала өзіне не қажет ееенін біле де алмайды,сөйтіп күнұзаұ жылаумен айтқанды тыңдамаумен, қыңырлығымен үлкендерді өзіне қаратумен мәжбүр болады.
Әсіресе, балаға ауыр тиетіні- ол кінәсіз бола тұрып, үлкендердің оған жаза қолдануы. Мысалы, көшеде ойнап жүрген оны өзі құралпы бала шалшыққа итеріп жіберіп,шалбары лайланып қалды. Ол жұбатқанын, өзіне түсіністікпен қалағанын қалайды. Ал біз не істейміз,есіктетен кіре айғайлаймыз.Өйткені кір-қожалақ киімдерін тағы жуамыз. Керек десеңіз, ол қалай құлағанын, жағдайдың қалай болғанын сұрауға тырыспаймыз. Тіпті, мұндай жағдайда не істеу керектігін айтып та кеңес бермейміз. Сонда баланың өкпелегеніне қарамай, оны бұрышқа тұрғызамыз.
«Есіңізде болсын» Әлденеге алаңдап, жылап отырған бала сіздің ескертпелеріңізге, бұйрықтарыңызды, кеңестеріңізді ауыр қабылдайды. Мұндай сәтте тәрбиелей қалуға тырыспаңыз. Және жылап тұрған кезінде жаза қолдаңбаңыз.себебі, әлгінде неләктен жазалы болғаны әп-сәтте ұмытып кетеді. Былай ойлап қарасаңыз, бала үшін жылап қалғанының өзі жаза болып есептеледі.