БАЛАҢЫЗДЫ СӨЗГЕ БАҒЫНДЫРУ ҮШІН 10 ҚУЛЫҚ

1. “Тез жүр, мен сені көптен күттім!”,- деп ашуланудың орнына “Баста! Назар аудар! Жүгір!”
2. “Егер сен осыны жемесең тәтті нәрсе бермеймін!” деп қорқытудың орнына «Егер осы кішкентай котлетті жесең, оның артынан саған дәмді нәрсе ұшып келуі мүмкін!»
3. “Ыдыс-аяқтарды жина!” деп бұйырудың орнына «Егер сен сиқыршы болсаң, үстелдің үстін әп-сәтте тазалап қояр едің!»
4. “Маған бөгет бола берме!” деп қудалаудың орнына «Аздап өзің ойнай тұр, менің уақытым болған кезде екеуіміз шағын кеш өткізейік!».
5. «Бұраңдама, ол футболкаң жуылған жоқ, мынаны ки!» деудің орнына “Мынаны қарашы, бұл әлгі сенің өрмекшісі бар футболкаңның туысы ғой, екеуіміз бірге киіп көрейік!”
6. Әбден жаттанды болған ”Ұйықта!”,-деудің онына «Мен саған көрпені қымтанатын жаңа әдіс үйретейін бола ма?»
7. “Шапалақ жегің келеме?”,-деп қорқытудың орнына: «Біреу құлағы мен мойнын суық сумен жудырғысы келіп жатыр. Оның кім екені қызықты боп тұр!» деу.
8. «Айтқан сөзді ұқсаңшы!”,-деп айқайлаудың орнына “Мынаны қара, маған қарай жаман мінез келе жатыр, ол енді саған қарай секірмекші”,-деп қаттырақ айту.
9. “Қанша рет айтқызбақсың?”,- деп ашуланудың орнына “Құпия хабарлама жіберейін. Тыңда және қайтала!”,- деп құлағына ақырын сыбырлау.
10. “Қолыңызды жудың ба?”,-деп айқайлаудың орнына “Сенің қол жуған суың қап- қара болып шығаы, бәс тігейік пе?”,-деу.
Амантай Тойшыбайұлының фейсбук парақшасынан