«БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ»

26 маусым 2023 жылы Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Жуалы ауданы Берікқара шатқалында орналасқан «Тау самалы» балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерінде Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы қызметкерлері Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің классигі» тақырыбында квест ойынын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты, балалардың зеректіліктерін, шапшаңдықтықтары мен логикалық ой -өрісін дамыту болды.

Түрлі әдістер арқылы жасырынған сұрақтар Мұзафар Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығы және өлең –жырларын қамтыды. Қазынаны іздеу арқылы жүзеге асатын бұл ойын 3 аялдама, 9 тапсырманы орындау бойынша жүргізілді. Аялдамалардың жүру бағытын анықтау үшін маршруттық карта беріліп, әр аялдамада балалар пазл, сканворд құрастырып, түрлі логикалық тапсырмаларды орындады. Ойын ереже бойынша үш топтан тұрды, шара соңында жүйріктер анықталып, кітапхана қызметкерлері арнайы дайындаған шағын сыйлықтарға ие болды.