Бала тәрбиесі басты назарда

Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова жасөспірімдер арасында құқық  бұзушылықтың алдын алу мақсатында тиісті мемлекеттік органдармен жоспарлы жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Дегенмен, осы жылдың І жартыжылдығында кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыс саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсіпті, — деп хабарлайды «Elana» ақпарат агенттігі.

  • Жыл басынан бері комиссияның 11 отырысы өткізілді. Арнайы жұмысшы топтары Тараз қаласы, Қордай, Талас, Жуалы, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында зерделеу жұмыстарын жүргізіп, 5 ауданда 125 үйді аралап, 200-ден астам кәмелетке толмағандармен кездесу ұйымдастырылған. Сондай-ақ, үй-тұрмыстық жағдайлары зерделеніп, актілер толтырылды. 62 отбасының құжаттары бойынша кеңестер берілді. Байзақ, Сарысу аудандары әкімдерінің орынбасарларының, дін істері басқармасының басшысының есептері тыңдалды. Қордай, Т.Рысқұлов, Шу, Жуалы аудандарының әкімдері мен облыстық білім басқармасының басшысына орын алған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныс-хаттар жіберілді. Ұсынысқа сәйкес 36 жауапты қызметкерге тәртіптік шара қолданылып, 3 қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылды. Аудандық, Тараз қалалық әкімдері жанындағы комиссияларда 56 кәмелетке толмаған жасөспірімдерге және 50 ата-анаға қатысты істер қаралып, 111 комиссия отырысында 135 қаулы қабылданды – деді С. Құрманбекова.

Биылғы жылдың 6 айында полиция бөлімдеріне 6 091 кәмелетке толмаған жеткіншектер жеткізіліп, 478 жайсыз отбасы (оның ішінде 823 бала) есепке алыныпты. Нәтижесінде 37 кәмелетке толмаған балалар арнайы мектепке орналастырылып, 55 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылған.

Жалпы, биылдыққа 2 065 бірлескен рейд өткізіліпті. Рейдтер барысында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін – 5 420 жасөспірім, оның ішінде: спирттік ішімдіктерді ішкені үшін — 150, бұзақылық жасағаны үшін — 63, оқудан жалтарып, қаңғыбастыққа салынып, садақа сұраумен айналысқаны үшін — 215 жасөспірім, түнгі мезгілде қадағалаусыз жүргені үшін – 2 941 жас полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 238   жасөспірім орналастырылған екен. Облыс аумағында кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде көңіл көтеру орындарында болуына жол беру бойынша  – 78 факт тіркеліп, 54 заңды тұлғаға 1 030 795 теңгеге айыппұл салыныпты. Балаларының түнгі мезгілде көңіл-көтеру орындарында болуы салдарынан 141 ата-ана есепке тіркеліп, оның ішінде 140 ата-ана 643875 теңгеге айыппұл арқалаған. Алкоголь өнімін сату ережелерін бұзғаны үшін — 55 дерек,

темекі және темекі өнімдерін 18 жасқа толмаған тұлғаларға сату немесе 18-ге толмаған тұлғалардың сатуы  бойынша 20, кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде заңды өкілдерін ертпестен тұрғын-жайдан тыс жерде болуы тұрғысында 2808 ата-анаға хаттама толтырылыпты.

 

Әлім Мұратов

Жамбыл облысы