Байзақ ауданының тұрғындары дауыс беруде белсенділік танытуда

Байзақ ауданындағы 3 ауылдық округте он сайлау учаскесі таңертеңгі сағат 07:00-ден бастап ауыл әкімдерін сайлау басталды, — деп жазады “Zhambylnews” ақпарат агенттігі.

Таң атқалы аудан тұрғындары өз сайлау учаскелеріне келіп, белсенді түрде дауыс беруде.

Сарыкемер ауылдық округіндегі №147 сайлау учаскесінде ең алғаш рет дауыс берген 18 жасар Абдрахим Бердалы белсенділік танытып, өз таңдауын жасады.