Байзақта екерткіштерге тазалық жұмыстары жүргізілді

Акция барысында аудандағы ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіштер мен мемориалды тақтайшаларға абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға филиалға қарасты бастауыш партия ұйымының төрағаларымен, «Жастар рухы» ЖҚ мүшелері қатысты.
Сенбілік мақсаты-тазалық қана емес, бірлік, еңбек пен салауат, қоршаған ортаны аялау сынды қоғамды ізгілікке бастайтын құндылықтарды қамтитыны белгілі.Ескерткіш маңын тазартып, жастарды тарихты қадірлей білуге, ұмытпауға, керісінше ұлықтауға шақыру.
Қоршаған ортаны таза ұстау, ағаш отырғызып, табиғатты аялау-ортақ іс. Осы бір игілікті іске атсалысқан белсенділердің бастамасы қолдауға лайықты-ақ.
Тазалық — көпке ортақ шаруа. Сондықтан екі айлық аясында ұйымдастырылып жатқан мұндай шараларға біркісідей қатысайық.

«Ауыл жаңалығы» — ақпарат.