Байзақ ауданынан сайлау комиссияларының 287 мүшесі оқытылды

Ағымдағы жылдың 20 қарашасына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық барысын пысықтау әрі оны өз деңгейінде өткізу мәселелері бойынша Байзақ ауданында көшпелі семинар-тренинг өтті.

Жиынға облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғазы Айдапкелов және комиссия мүшелері арнайы қатысты.

Бұл күні облыстық сайлау комиссиясының мүшелері «Сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру туралы» сондай-ақ 20 қараша күні сайлау учаскесінде ұйымдастырылатын жұмыстары жөнінде өзге де тақырыптарда лекция оқып, семинар-тренинг өткізді. Сонымен қатар, учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен іскерлік ойындар жүргізілді.

❗️Атап өтерлігі, бүгінгі таңда облыстық, қалалық сондай-ақ аудандық сайлау комиссия мүшелерінің барлығы дерлік тест тапсырып, сертификат алуда. Ал үстіміздегі жылдың 1 қарашасынан бастап учаскелік сайлау комиссиялары мүшелері оқыту семинары басталды. Облыс орталығынан бастау алған оқыту жоспарына сәйкес, 4-17 қараша аралығында өңірдегі барлық аудандарды қамтитын болады. Бұған дейін, Жуалы аудандық мәдениет үйінде аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының 117 мүшесі оқыса, өткен сенбі күні Байзақ ауданынан сайлау комиссияларының 287 мүшесі оқытылды.

Байзақ ауданы әкімдігі