БАҒА БАҚЫЛАУДА

Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев аудан орталығындағы бірқатар нысандарды аралап, жұмысымен танысты.

Тиісті сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасарлары, қала әкімі және де бөлім басшылары аудан басшысына атқарылған және алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстар жөнінде мағлұматтар берді

 

 

Аудан басшысы одан әрі дүкендерді халықтың күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры мен бағасын білу мақсатында аралап шықты.

Онда кәсіп иелерімен жүздесіп, ахуалды бағамдаған аудан әкімі баға тұрақтылығын сақтау бірінші кезекте екендігін жеткізді.

Бұл бағытта қажетті шараларды қабылдау жөнінде тиісті сала басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеді.

 

Сондай-ақ, тұтынушылармен тығыз қарым-қатынастағы кәсіп иелеріне санитарлық талаптарды қатаң сақтап, індетке қарсы екпе қабылдаудың маңыздылығын да ескертті.