Бағыт — бағдар

«Заманауи мектепті басқару: трендтер және келешек» атты республикалық мемлекеттік мектеп директорларының семинары Шымкент қаласында өтті. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өздері жетекшілік ететін саладағы жаңалықтар мен НҚА-ге енгізілген өзгерістер мен алдағы атқарылатын жұмыстар жөнінде мәлімет беріп, мектеп басшыларын толғандырған сұрақтарға жауап берді. Семинар жұмысын ҚР Оқу-ағарту Министрі Ғ.Бейсембаев қорытындылады. Білім сапасын көтеру — әрбір мектеп директорының басты міндеті екендігіне тоқтала отырып, жауапкершілігі мол салада еңбек етіп жатқан мектеп басшыларына бағыт — бағдар берді.

 

Сұлушаш Құрманбекова