БӨРІСЫРҒАҚ ТУРАЛЫ БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

СУ ҚАШАНДА ҚАСИЕТТІ, 18-19 — ҚАҢТАРДА СУҒА ТЕК ХРИСТИАНДАР ТҮСІП, СУ АЛАДЫ

Бөрісырғақ амалы ақпан айында. Ақпанның 17 — 25 күндері аралығында бөрі мен бөрте жұптасады.

Бәз біреулер қаңтарда деп жалған ақпар таратып жүр және қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні арлан қасқыр мен құртқа ұйығады деп қояды. Бұрын сол күндері көк түріктер суға шомылған, балаларын суға түсірген деп бөседі. Бұл өтірік! Бұл күні су қасиетті болады деп бөседі. Су қашанда қасиетті. Ащысы да, тұщысы да қасиетті. Себебі суды Алла жаратты. Әлемнің тең жартысынан көбі судан тұрады, адам да солай! Сондықтан су тек 18-19 күні қасиетті болады деген түсінік өтірік, бос сөз! Су — тіршіліктің көзі.

19-шы қаңтар христиандардың мұз ойып шоқынба суға түсетін күні. Осы күні мұсылмандар, соның ішінде қазақтар шоқынба ойыққа түссін, не содан су алсын деп әдейі елді шатастырып істеп отыр. Бұл арандатушы ібілістің әскерінің арам ісі! Оған алданбаңыздар! Кәпірге ілесіп, діннен байқамай шығып кетпеңіздер! Пайғамбарымыздан (с.ғ.у.) һәм әулие аталарымыздан ондай үлгі-өнеге қалған жоқ. Пайғамбар үмбетіне, ата-бабамыз ұрпағына ондайды аманаттамаған! Адасудан сақтасын! Еліктеп, солықтап, етек көтеріп, елп етіп ібіліске ілесуден сақтасын! Сақтаныңдар жанбауырлар, сақтаныңдар!

Шоқынба суға түсу күні мұсылмандар да христиандарша теріс діни амал істесін деген арам пиғылмен осындай ақпарды уатсаппен жылда таратады.

Қаңтарда көк түріктер мұз ойып, суға шомылған деген тарихта жоқ нәрсе. Ол көк түріктің жаралған күні де емес!

Қаңтар — бәрі қаңтарылулы деген сөз. Және қаңтар айы жылдың басы да емес. Жыл басы — наурыз!

Қаңтарылып тұрған суда ерекше қасиет болмайды. Көк мұз болып қатып тұр ғой. Оның қасиеті кристалдай мөлдірлігі, суықпен күшейгені, бұл Алланың осы уақытқа берген бір нығметі ғана. Негізі ағынды су қасиетті. Қозғалыстағы суда өмір бар. Зәмзәм сондай су! Кәусар бұлақ қой ол! Ерекше қасиетті десең, сол су сондай бағаға әбден лайық!

Мұсылман һәм қазақ баласы қаңтарда суға түспеген. Аяғын, мойнын, жалпы денесін, он екі мүшесін жылы ұстаған. Денсаулықты ойлаған. Суық суға түсіп, не ішіп, өз денсаулығыңызды құртып алмаңыздар! Олар арақ ішіп, шошқаның саласын жеп соны істейді. Бізге ол жат, арам! Діннен шығу қас пен көздің арасы. Аса сақ болыңыз, жанбауырым! Алла сақтасын!

Бөрісырғақ бөрілерге қатысты табиғат амалы. Ол қыстың соңғы айы — ақпанда!

Мұнайдар Балмолда