Бүгіннен бастап төлемнің жаңа түрі – Kaspi QR Таразда қолжетімді

Бүгіннен бастап Тараз қаласының TulparCard электрондық билеттендіру жүйесінде төлемнің жаңа түрі – Kaspi QR қолжетімді. Жол ақысын төлеу үшін Kaspi.kz қосымшасына кіріңіз және стационарлық валидатор дисплейіндегі немесе TulparCard жапсырмасындағы QR кодты сканерлеңіз. Kaspi QR – арқылы жол ақысын төлеу жолаушылардың барлық санаттары үшін – 85тг.Сонымен қатар бұрынғы қолданыстағы төлемдердің барлық түрі қолжетімді: көлік картасымен, SMS, QR код немесе сандық кодпен TulparCard мобильді қосымшасы арқылы да төлем жасай аласыз.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі