Бүгін – Отан қорғаушылар күні

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын!) өзінің мәшһүр хадистерінің бірінде: «Анығында, екі көзге жаһаннам оты жақындамайды. Бірі – Алладан шын қорқып жылаған көз, екіншісі – шекараны күзетіп ұйқы көрмеген көз»-деген. Бұл Отан қорғаудың сондай жауапты әрі сауапты амал екенін айқындап тұрғандай. Яғни, ел тыныштығын күзету ер-азаматтың осы дүниедегі міндеті ғана емес, қияметтегі жүзінің жарқын болуына жол ашатын абыройлы іс. 

Еркіндік үшін ақтық демі қалғанша күрескен, жауының алдында бас имеген батыр халықтың бүгінгі ұрпағының алдында ең үлкен міндеттердің бірі – өскелең ұрпақты патриот етіп өсіру. Өйткені, қазақ халқы әуелден ұлын да, қызын да алдымен садақ тартып, атқа шабуға үйреткен. Сайын даланы еркіз кездіріп, оның қадірін есін білген шақтан бастап түсіндіруге тырысқан. Бабасынан қалған аманатты баласына сеніп тапсыру үшін бес жасынан үйренген бар айласын өмірінің соңына дейін сарп еткен. Міне, бізге солардан артық үлгі һәм өнеге болар дүниежүзінде батыр халық жоқ.

«ЕлАна» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты барша Қазақстан халқын «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесімен құттықтайды. Еліміз даудан, жаудан аман болғай! Ел тыныштығын күзеткен азаматтарымыз аман болсын!