Бүгін – Халықаралық спорт күні

Бүгін – Халықаралық спорт күні. 2013 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен 6 сәуір ресми түрде спорт күні ретінде аталып өтеді. Бұл бастаманы алғаш боп қолдаған елдердің арасында Қазақстан бар. Жалпы еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері бұл салада ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Әсіресе, өңір-өңірде спорттық кешендердің саны артып, оған келушілердің қатары еселеніп жатыр. Әсіресе, бұқаралық спортта айтарлықтай даму бар.

http://www.baqmedia.kz/561/