Бүгін, Қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 124 жыл

Геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтпаев 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында Имантай бидің отбасында дүниеге келген. Шын есімі – Ғабдулғани.
«Қаныштың үлкен бір ерекшелігі – ол химикпен де, биологпен де, физикпен де, медикпен де және тарихшымен де, филологпен өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе біледі. Мамандық тілдерімен үндесіп, ұғыса біледі» — М. Әуезов.