Азық-түлік өнімдерін өзімізде өндіру-басты мақсат

Азық-түлік өнімдерін өндіру. Елдің азық — түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мәселе.
Соның ішінде азық-түлік өнімдерін өзімізде өндіру-басты мақсат. Осы салада Жамбыл облысында 2022 жылдың қаңтар-маусымында 50,2 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, (2021 ж. – 36,5 млрд. теңге), НКИ – 106,5% құрады.
Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі -18,1%.
Саладағы негізгі кәсіпорындар – «Тараз қант зауыты» ЖШС, «Меркі қант зауыты» ЖШС, «Бурненская молочная компания» ЖШС, «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС сүт, макарон және кондитерлік өнімдер өндіретін шағын кәсіпорындар.
2022 жылғы қаңтар-маусымда заттай мәнде өндірілгені:
– қант – 95,2 мың тонна (2021 ж. – 82,4 мың тонна)
— ірімшік және сүзбе – 1214 тонна (2021 ж. – 1 567 тонна)

Көркем Асқар