ӘЗІМБЕК — БАҒЫ БАР ӘКІМ, БАҒЫН ХАЛҚЫМЕН ТАПҚАН БАСШЫ!
Түркістан — жай ғана қала емес. Түркі жұртының рухани жүрегі, тарихтың тірі куәсі. Ал сондай қасиетті мекенде қызмет ету — кез келгеннің маңдайына жазыла бермейтін бақ.
Түркістанда түркі тілдес мемлекеттердің басшылары бас қосқан сәт — күллі түркінің назарын аударған тарихи кезең болды. Сондай ауқымды жиында шаһардың тізгінін ұстап, бар жауапкершілікті мойнына алу — екінің бірінің қолынан келмейді. Бұл — сенім. Бұл — салмақ. Бұл — үлкен мектеп.
Шынын айту керек, Түркістан күн сайын түрленіп келеді. Кеше ғана шаң басқан көшелердің орнына сәулеті келіскен даңғылдар салынды. Кешкі Түркістанның атмосферасын көрсең, өзіңді басқа мемлекетте жүргендей сезінесің. Қалада жан бар. Қалада қозғалыс бар. Қалада болашақ бар.
Тіпті, өзімнің де сол жаққа қоныс аударғым келіп жүр. Себебі, Түркістан бүгінде тек туристердің емес, жастардың, кәсіпкерлердің, арман қуған адамдардың қаласына айналып барады.
Ал,енді ойланып қараңызшы…
Көпшілік үшін өз елінің Президентін көрудің өзі арман. Ал, сондай деңгейдегі кездесулерде мемлекет басшыларын күтіп алып, шаһардың тыныс-тіршілігіне жауап беру — ол жай қызмет емес. Ол — тағдыр сыйлаған мүмкіндік. Ол — бақ.
Әзімбек Пазылбекұлы дәл сондай жауапкершілікті көтеріп жүрген азаматтардың бірі. Басшылық деген креслода отыру емес, елдің сенімін арқалау. Ал, сенім — ең ауыр жүк.
Түркістанның бүгінгі ажары — сол еңбектің жемісі.
Азат Дидарбек ФБ парақшасынан алынды

