Аязда көлігіңіз оталмай қалса…  

Көлігіңізді арнайы тұраққа кіргізіп қоюды ұмытып кеттіңіз делік. Таңертең жұмысқа барарда машинаңыз оталмайды. Не істеу керек?

Көлігіңіз оталмай қалса:
–  аккумуляторды қыздырып көріңіз: алыс жарықты қосып-өшіру, музыка тыңдау, яғни, аккумуляторға күш түсіру;
– көлікті оталдыру кезінде бірнеше секунд күте тұрыңыз, бұл уақытта бензонасосқа бензин тартылады;
– ажырату педалін басыңыз;
– көлікті оталдырып көріңіз;
– стартерді, ең ұзақ дегенде, он секундқа қосыңыз. Әйтпесе, жанып кетуі мүмкін;
– егер көлік қозғалтқышы бәрібір іске қосылмаса, газ педалін басып, 1-4 пункттерді қайталап көріңіз.

Егер стартер айналмаса:

– басқа көліктен «оталдырып» көріңіз;
– итеріп оталдыруға тырысыңыз;
– аккумуляторды зарядтаңыз немесе тіпті ауыстырыңыз.

Машинаның есігі аяздан ашылмай қалса:
– әлсіздеу аязда алақаныңызды құлыпқа жақындатып, деміңізбен жылытыңыз;
– көлік кілтін оттыққа (зажигалка) қыздырып, құлыпқа салып, ақырындап айналдырыңыз;
– орташа аязда үйге кіріңіз де, су қайнатып, құлыпқа қайнаған ыстық су шашыңыз;
– өте күшті аязда еріткіш-брелок немесе арнайы аэрозоль қолданыңыз;
– шприц арқылы құлыпқа медициналық спирт құйыңыз.