Автоволонтерлер елордалық медицина қызметкерлері мен науқастарға көмектесуде

«Добро Нұр-Сұлтан» бастамашыл тобы Қазақстан халқы Ассамблеялары, «Благодарю Астана» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп «Дәрігерлерге көмек» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Карантин кезінде автоволонтерлер емханалардың мобильді бригадаларына көмектесіп, дәрігерлер мен мейірбикелерді патронаттағы науқастардың үйлеріне жеткізуде. Сондай-ақ қарттарға ақысыз дәрі-дәрмек, мұқтаждарға азық-түлік себеттерін тасуда. «Добро Нұр-Сұлтан» тобында қазіргі уақытта 60 волонтер және 60 автоволонтер бар. Олар күн сайын 8:30-дан 17: 00-ге дейін дәрігерлерді науқастардың үйлеріне жеткізеді. Тамақ және мектепке қажетті заттар апарады. Бастамашыл топтың тағы бір жұмыс бағыты – қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының 140 дәрігеріне күнделікті ыстық тамақ пен сусын жеткізу», – дейді «Добро Нұр-Сұлтан» еріктілер бастамашыл тобының жетекшісі Адема Есембаева. Сонымен қатар волонтерлер балалармен жұмыс жасайды. Қоқыс тазалап, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасылар үшін үй тұрғызады. Сондай-ақ карантин кезінде мұқтаждарға дәрі-дәрмек сатып алады. «Осынау қиын кезеңде волонтерлер көп көмек көрсетіп, қолдау білдіруде. Медицина қызметкерлерін дәрі-дәрмек, инъекциялар мен процедураларды қажет ететін науқастарға апаруда. Игі істері үшін оларға шексіз алғыс», – дейді №3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің бастығы Дина Қасенова. Еріктілер ұйымы 2018 жылдан бері жұмыс жасауда. Осы уақыт ішінде олар көптеген пайдалы акциялар өткізді. Оларды @ dobro.qz «Инстаграм» парақшасынан көруге болады.