Автобустар марафоны алаңдатады

Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі қаңтардың 26-28 аралығында «Автобус» жедел алдын алу шарасын өткізді. Ол елорда жолдарындағы апаттылық деңгейін төмендетуге, жүргізушілер арасында көлік жүргізу тәртібін нығайтуға және жол қозғалысын бақылауды күшейтуге бағытталды. Үш күн бойы тәртіп сақшылары қалалық автобустардың қызмет көрсетер алдындағы техникалық жағдайын, жүргізушілердің тіркеу құжаттарының бар-жоғын, медициналық тексеруден және техникалық бақылаудан өткен-өтпегенін тексерді.

22222222

Шара барысында автобустарды нормативтер мен стандарттарды бұза отырып басқару және пайдалану, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау деректері анықталды. Шара қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері жол жүру ережелерін бұзудың 500ге жуық оқиғасын тіркеді, соның 53-і маневрлеу ережелерін бұзу және 4 дерек қозғалыс барысында жаяу жүргіншілерге жол бермеу оқиғалары болды. Нәтижесінде автобус парктерінің 12 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 16 автобусты пайдалануға тыйым салынды. Автобус басқарып келе жатып ұялы телефонмен сөйлескені үшін 64 жүргізушіге айыппұл салынды», — деген ақпаратты Астана қаласы әкімдігінің сайты (http://astana.gov.kz.) хабарлады. Бұл күндері қала аумағының біртіндеп кеңейе түсуіне байланысты, барлық бағыттарға қатынайтын көше автобустары мен аялдамалар салу қарқынды жүргізіліп келеді. Өткен жылдың ортасынан бастап қала ішіндегі кейбір даңғылдарда «автобус жолағы» белгіленіп, соның арқасында қоғамдық көліктердің қозғалысы едәуір жақсарған болатын. Алайда осы жолақты қанағат тұтпайтын жүргізушілер жұрттың наразылығын тудырып отыратыны тағы бар. Жоғарыда аталып өткен «Автобус» жедел алдын алу шарасы және тағылып жатқан айыптар да соның айғағы болса керек. Жол қозғалысы ережелерін сақтамайтын жүргізушілер наразы болған жұртқа «онсызда кептеліске түсіп, жүргіншілердің уақытын ысырап етіп» келе жатқандықтарын айтып ақталып жататыны бар. Қала шетіне қатынайтын маршруттардың марафонының соңы кейде оқыс оқиғаларға да соғып жатады. Осы сауалдың төңірегінде тұрғындар пікірін сұраған едік.  

%d0%b0%d0%b2%d1%82%d0%be%d0%b1%d1%83%d1%81

Тоқай Қамиұлы: «Қазір автобустардың көбін жаңартып берді. Саусақпен санарлықтай шағын автобустар ғана шеткі көшелерге қатынап жүр. Солардың жүрісінен қорқасың. Қашан көрсең асығып бара жатады. Кейбіреулері қарт кісілерді көрмегенсіп тұра жөнеледі. Сосын кондукторлары таныстарына тыным таппай телефон соғып отырады. Сондағысы «анау пәлен жерде кетіп барады, мынау саған жетейін деп қалды…» деген сөздер. Қазір жеңіл машинамен жүргенде шеткі жолақты баспайтын болдық. Ол жағы түсінікті шығар. Ал автобустардың кейбіреулері сол жолақтармен де дұрыс жүрмейді. Біресе ана жолаққа, біресе мына жолаққа ойқастап жүретіндері бар. Барлығының сипаты бір: «Марафон». Сосын автобустар жеңіл машиналарды әдейі «ығыстырып, үркіте, айбар шеге» жүретін болып барады. Ондағысы «соқсам да, жауапкершілікті автобус парктері мойнына алады» дейтін болулары керек. Өз басым қоғамдық көліктердің рөлін жастарға беруге қарсымын. Себебі жастар сабырсыз, көлік тізгінін қолдарына алса болды, асығып тұрады», — дейді.

Көлік жүргізу, соның ішінде қоғамдық көліктердің арқалайтын жауапкершіліктері ауыр екендігі анық. Әдете нарықтағы қымбатшылықты билет бағасының өзгерісімен байланыстырып жататындар да бар. Бұл өз алдына бөлек әңігме. Дейтұрғанмен, көлік жүргізудің өзі үлкен мәдениет екендігін әрбір азамат естен шығармаса екен дейміз.

Ерқазы Сейтқали