Ауылым — алтын бесігім


«Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында Ұ.Сыздықбайұлы ауылында «Ауылым — алтын бесігім» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Мәдени іс-шарада ауыл жастары әуелетіп ән салса, бишілері мың бұрала би билеп, күйшілер күмбірлете күй төкті.

⚜ Сондай-ақ тұрғындар назарына аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ жастары қазақтың ұмыт боп бара жатқан салт-дәстүрлерінің бірі «бастаңғы» жасап, қызықты қойылым қойды.

Ұлттық салт-дәстүрді ұлықтаған іс-шарада ауыл тұрғындарының қолөнер еңбектері таныстырылып, арнайы кітап көрмесі жасақталды.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі