«Ауылым-алтын бесігім»

«Ауылым-алтын бесігім» мерекелік концерті Жайылма ауылында жалғасын тапты
Жайылма ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен ашық аспан астында «Ауылым-алтын бесігім» мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып, ауыл өнерпаздарының өнерін тамашалады.
Шара аясында «Ауылым», «Туған өлке», «Жайна, Жайылма», т.б. әндер шырқалып, «Күй шашу», «Қуыршақтар» биі орындалды.

Сонымен қатар аудандық Жастар ресурстық орталығының жастары қойылым көрсетіп, концерттік бағдарламаның көркін аша түсті.
Ұйымдастырушылар тарапынан қазақтың ұлттық ойындары: асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту ойнатылды.

 

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі