АУЫЛДАҒЫ АХУАЛ ҚАЛЫПТЫ

Күннің күрт жылуына байланысты қалың қар еріп, салдарынан еріген қар ағыны аудандағы Көкқайнар ауылына жайылған. Осыған орай, аймақтағы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жауапты мамандар аталған ауылдан дер кезінде табылып, тиісті жұмыстарды атқаруда.
Ауылдағы ахуалға байланысты тұрғындармен бірге аулаларды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте, қарбалас тірлікке барынша көмек қолын созып, ауызбіршілік танытып, жеке техникаларымен атсалысып жатқан көкқайнарлық тұрғындарға ризашылығымды білдіремін.
Қазіргі кезде ауылдағы жағдай қалыпты. Қажетті техника мен арнайы мамандар ауыл маңына бөгет тұрғызып, аулаларды судан тазарту жұмыстарын жалғастыруда.

Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі