Ауыл тұрғындарымен ауыл мәселесі талқыланды

Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов Байқадам, Жаңаталап, Жайылма, Игілік ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл қариялары, депутаттар қатысып, әр ауылдағы ауыл шаруашылығы саласына қатысты сауалдарын жолдады.
Қайрат Тілеубайұлы ауылдарға ағын суды жеткізу, оны үнемді, тиімді пайдалану, су қоймаларындағы суды дұрыс бағытта пайдаланып, су тапшылығын болдырмау жолдарын айтып өтті.
Сонымен бірге, әр ауылдың ақсақалдарымен алдағы уақытта да кездесіп, ауылдағы мәселерді бірге шешу жолдарын қарастырып, кездесуге келмеген тұрғындарға атқарылатын жұмыстарды түсіндіру керектігін және бірге тиімді шешімдер шығару керектігін жеткізді.
✅Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі