АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ 5,0% ЖАҢАРДЫ

Жыл басынан бері аймақта барлығы 611 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынып, жаңару көрсеткіші 5,0% құрады. Алынған техникалардың 7 комбайн, 106 трактор болса, 498 данасы басқа да техникалар.
Аграрлық саланы алға жетелейтін бірден-бір тетік – техника болғандықтан, облыста биылғы жылы 1300-ден астам ауыл шаруашылығы техникаларын алу арқылы, жаңару көрсеткішін 11%-ға жеткізу көзделген.
Жалпы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау да жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы техникаларын алған агроқұрылымдар тарапынан түскен 263 өтінімге 1,0 млрд. теңге субсидия төленді.
Қазіргі уақытта техникаларды жаңарту жұмыстары мен мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы