Ауру жұқтыру жағдайлары түрліше

Батыс Қазақстанда 1-16 қараша аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 503 жағдай тіркелген. Оның 205-інде ауру белгілері болса, 298-інде мұндай белгілер байқалмаған.

Бұл туралы жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылған баспасөз мәжілісінде облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.

Жалпы өңірімізде күні бүгінге дейін «COVID-19» індетінің 7527 жағдайы тіркелген. – Сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1140,5-ті құрады. Індеттен 6961 адам сауығып, 128 адам қайтыс болды. Орал қаласы бойынша барлығы 360 жағдай анықталды, бұл барлық аурулардың 71,5%-ын құрады, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.

Ауру жұқтыру жағдайлары қарым-қатынаста болғандарды тексеру,

ЖРВИ белгілері бойынша тексеру, стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алу және профилактикалық мақсатта тексеру барысында анықталған.

Соңғы тәулік ішінде коронавирустық инфекциямен 28 жағдай тіркелген. Ал 1-16 қараша аралығында облыс аумағындағы мемлекеттік шекарадан барлығы 12047 адам өткен. 2267 жолаушының 224-інде ПТР-тестілеу анықтамасы болмаған. Департамент өкілінің айтуынша, анықтамасыз жолаушылар үш тәулікке карантиндік стационарға орналастырылып, олардан ПТР әдісімен алынған тесттің төртеуі оң нәтиже көрсеткен. БҚО арқылы өткен халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілердің 1844-ін де осындай анықтама болмаған. Олардан да ПТР әдісімен тест алынып, қорытындысында 17 адамда оң нәтиже көрсеткен.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Батыс Қазақстан облысы