«Әулиеата» ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тараз қаласы мәслихатының келісіммен, Тараз қаласы әкімінің өкімімен «Әулиеата» ауданы әкімі болып Төреханов Барлық Әдепханұлы таныстырылды.
Барлық Әдепханұлы 1979 жылы туған, білімі жоғары. 2012 жылы Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін бітірген, 2013 жылы «Қоғамдық саясат және менеджмент» мамандығы бойынша Дюк университетін (Солтүстік Каролина штаты, АҚШ) аяқтаған, Заңгерлер қауымдастығының мүшесі.
2007 жылдан бастап 2012 жылға дейін Түрксіб аудандық әділет басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2012 жылдан 2018 жылға дейін Алматы облысының әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарды. Сондай-ақ, үш жыл бойы «Samruk – Kazyna Trust» АҚ Жобаларды басқару департаментінің директоры болып жұмыс істеді.