АЩЫ ДА БОЛСА ӨМІРДІҢ ШЫНДЫҒЫ
* 40 жаста жоғары білімдісің бе, жоқ па, айырмашылық болмайды. Білім алмаған әлдебір адамдар да көп табыс табуы мүмкін.
* 50 жаста көрікті мен көріксіз бірдей. Қанша әдемі болсаң да, бұл жаста сен әжімдер мен қара дақтарды жасыра алмайсың.
* 60 жаста жоғары лауазым мен лауазымы жоқ болса да дәл бірдей. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін тіпті қара жұмыс істеген қызметші де бастығына бұрылып та қарамайды.
* 70 жаста шағын пәтер мен үлкен пәтер бірдей. Буындар әлсіреген және қозғалуың қиын болған кезде, сиысып отыратын шағын кеңістігің болса жеткілікті.
* 80 жаста ақшасы бар мен ақшасы жоғы да бірдей. Ақшаны жұмсағың келсе де оны қайда жұмсарыңды білмейсің.
* 90 жаста ұйықтау мен ояну бірдей болады. Таңертең тұрсаң да не істеріңді білмейсің.
Тыныштал.
Өйткені, бәріміздің соңымыз бірдей.
Жай ғана тірі жүргенің үшін өмірден ләззат алып, тыныш өмір сүр.
А.Т