АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Бүгін Сарысу аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі С.Мамытовтың төрағалығымен әкімдіктің мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, қала және ауылдық округ әкімдері, тиісті мекеме басшылары қатысты. Әкімдіктің мәжілісі барысында 1 қазан — Қарттар күніне орай, адал еңбек етіп, зейнетке шығып отырған Тоғызкент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Маратбек Манкеевті мерекемен құттықтап, «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тағып, иығына шапан жапты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпісіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы» аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ролан Қуанышбаев баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және тарифтердің қымбаттауы туралы түсіндіру жұмыстарының барысы туралы» «Сарысу сулары» КМК директоры Жасұлан Бегулиев атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Жаңатас қаласы және ауылдық округтердің тазалығы туралы» аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру — инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Айдар Қыдырәлінің есебі тыңдалды.
Аудан басшысы күн тәртібінде сондай — ақ, қосымша мәселелерді қарап, бірқатар мекеме, бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

