Ауданда Наурыз мейрамы тойлануда

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсіп, ауданда барлық мекемеде тойлануда. Қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық өнерін насихаттайтын тұсау кесер, бесік той, «Ұлттық» караоке, ұлттық ойын түрлерінен жарыстар өтті.

Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Орталық базар және 2-ші мөлтекауданында «Кел, төрле, мерейлі−Наурызым!» атты ән-шашу аула тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.
Тұрғындар өнерпаздардың әсем әндерін тыңдап, бірге орындап, Ұлыстың Ұлы күнінде құттықтаулар жолдады.

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы да басталды. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.
3000 жылдан аса тарихы бар, алда келе жатқан ұлыстың ұлы мерекесін талқылау мақсатында аудандағы этно-мәдени бірлестік жетекшілері қоғамдық келісім орталығында бас қосты.
2015 жылдан бері жұмыс атқарып келе жатқан қырғыз, кәріс, славян, неміс, кұрді, қазақ, өзбек бірлестік өкілдері ауданымызда өтіп жатқан ауқымды іс-шараларға белсене араласып, берекелі тірліктін үлгісін көрсетіп келе жатыр. «Елдің іші−береке, көптің іші –мереке» демекші, өзге этнос өкілдері өздерінің ұлттық құндылықтарын сақтай отырып қазақ ұлтының мәдениетін, әдеп-ғұрыпын қоса дәріптеуде.

Сарысу ауданы