Аудан төтенше жағдайға дайын

Сарысу ауданында 2023 жылдың 2 наурыз күні Жаңатас қаласындағы орталық алаңда аудан әкімінің шешімімен бекітілген «Аудандық Шұғыл Әрекет Ету Жасағы» сапқа тұрғызылды. Аудан әкімі М.Сұлтанғалиев пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж.Танабаев жеке құрамның құрал-жабдықтары мен арнайы техникаларының төтенше жағдайға дайындығын тексеріп, оқу-жаттығу өткізді. Шараның мақсаты − төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі