АУДАН ӘКІМІ ФУТБОЛ АЛАҢЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

Ақсу ауылдық округінде ауыл жастары үшін футбол алаңы пайдалануға берілді.
Аудан әкімі Сәкен Арубаев спорт алаңының ашылуына қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Аталған стадионды ел игілігіне беруге Шу ауданының Құрметті азаматы, меценат Бақытжан Тілеужанов тікелей мұрындық болғанын айта кету керек. Меценат бұған дейін де ауыл маңынан 47 миллион қаржыға саябақ соғып, онда мыңға жуық түрлі ағаштар отырғызды.

Осыған орай, бүгін аудан әкімі Бақытжан Әшімқұлұлына құрмет көрсетіп, ауданның дамуына қосқан үлесі үшін «Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Бұдан әрі стадионның лентасын ресми түрде кесіп, Ұлы Отан соғысының ардагері, Әшімқұл Тілеужанов атындағы дәстүрлі турнирді тамашалады.

Шу ауданы