Аудан әкімі балаларды «Берікқара» шатқалындағы лагерьге шығарып салды

Сарысу аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев таң сәріден жазғы каникулға аттанған жеткіншектерді шығарып салды.

Бұған дейін «Берікқара» шатқалындағы лагерьге 400 оқушы жаздық демалыстарында тынығып келсе, бұл жолғы жолдама 200 балаға бұйырыпты.

Аудан әкімінің өзі келіп сәт-сапар сыйлағанын көрген жеткіншектердің көзінен қуаныштың ұшқыны байқалды.

Балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай көңіл бөлініп, демалыстарының тиімді өткізетіндігіне ата-аналар да дән риза.