Атыраулық спортшылар Арман Әшімовке қолдау көрсетті

Аралас жекпе-жектен «M1 GLOBAL» тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы, Ұлттық спорт түрі Жекпе-жектен тұңғыш рет өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Арман Әшімовті қолдау мақсатында Атырау облысының спортшылары бейнеролик түсірді.

Жақында Ресейде өткен чемпиондық кездесуде Арман қолынан алған жарақатына байланысты кездесуді жалғастыра алмаған болатын.
-Басты мақсат-ел абыройын көтеріп жүрген батырымызға демеу білдіріп, онымен бірге екенімізді көрсету,- дейді атыраулық спортшылар. -Чемпионымыздың тез жазылып, үлкен спорттық ареналарда ел байрағын әлі талай желбірететініне сенімдіміз!

Бейнероликте Арманға дем берушілер қатарында парадзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері Әнуар Сариев, пара-таэквандодан әлем,Еуропа және екі дүркін Азия чемпионы Нұрлан Домбаев, паражүзуден әлем кубогінің иегері Ержан Сәлімгереев, муайтайдан әлем және Еуропа чемпионы Дидар Болатов, панкратионнан әлем чемпионатының жүлдегері Жасұлан Хасимов және Атырау бокс клубының жас спортшылары бар.

                              Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі