Атырауда Мемлекет басшысының мақаласы талқыланды

23 қарашада Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Кездесуді ашқан Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова мақалада біздің халқымыздың тарихына қатысты барлық сәттердің қамтылғанын атап өтті. Елбасы Ұлы даланың жеті қырын – атқа міну мәдениетін, ұлы даладағы ежелгі металлургияны, аң стилін, «Алтын адам», түркі әлемінің бесігі, Ұлы жібек жолын, Қазақстан – алма мен қызғалдақтар отанын атап өтті.
— Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бірінші жобаның жалғасы болып табылады. Бұл — Ұлт Көшбасшысы қоғамның рухани дамуының барлық негізгі бағыттарын ашатын кеңейтілген, неғұрлым көрнекі, егжей-тегжейлі жоба, — деді Нұрсәуле Сайлауова.

Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, біздің облыста жобаларды жүзеге асыру бойынша өз ұсыныстарын айтты. «Сарайшық» республикалық тарихи-мәдени мұражай-қорығының директоры Әбілсейіт Мұхтар «Сарайшық» қалашығын жаңғырту мәселесін қозғады. Жақын арада мұнда ашық аспан астындағы республикалық мұражай ашу жоспарлануда.
— Біз Сарайшыққа қатысты және Ресей мұрағаттарында сақталған барлық бірегей құжаттарды жинауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, 2019 жылы «Сарайшық, Сарай-Бату және Сарай — Берке» ауқымды экспедициясын ұйымдастырғымыз келеді», — деп атап өтті Әбілсейіт Мұхтар.
Оның айтуынша, әртүрлі елдердің мұрағаттарынан тарихи құжаттарды іздеу бойынша мұқият жұмыс істеу үшін сауатты және беделді тарихшылар тобын құру қажет. Қазақстанда соңғы жылдары жарияланған тарихи материалдарға мониторинг жүргізу қажет.
Ұзақ жылдар бойы Ресей мұрағаттарында жұмыс істеген және көптеген қызықты материалдарды жинаған адамдардың бірі Атырау облысы бойынша тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекцияның басшысы Мұхамбетқали Кипиев болып табылады.


— Тарихшылар мен құжаттанушылар үшін «Мұрағат 2025» жобасы ерекше және көптен күткен оқиға болып табылады. Бұған дейін сәтті аяқталған «Мәдени мұра» он жылдық жобасының шеңберінде жақын және алыс шетелдерден біздің халқымыздың тарихы туралы көптеген құнды құжаттар табылып, жиналды. Осы жобаларды іске асыруға қатысу барысында мен осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізу қажеттілігінің бар екеніне назар аудардым, — деді Мұхамбетқали Кипиев.
Облыс әкімдігінің қолдауымен тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекцияда соңғы төрт жылда Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахан және Орынбор қалаларына археологиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Онда мұрағаттар мен кітапханалар қорларындағы біздің облысқа қатысты тарихи және мәдени құжаттар жиналды. Нәтижесінде 2014-2016 жылдары «Орыс көздеріндегі Атыраудың тарихы мен мәдениеті» атты 5 томдық құжаттар жинағы жарық көрді.
Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов бұл жұмыстың болашақ ұрпақ үшін маңыздылығына назар аударды.
— Бұрын құпия емес, біз өзге формацияда, басқа сапта өмір сүрдік және ақпарат алдық. Біздің мемлекеттілігіміз туралы ақпарат аз болды. Тәуелсіздік жылдарында да біз халқымыздың тарихы, оның мыңжылдық тарихы туралы көп біле алмадық. Мемлекет Басшысының мақаласы барлығымызға біздің өткенімізді танып білуге және зерделеуге мүмкіндік береді. Қазақ мемлекетінің қалыптасуы туралы барлық ақпаратты жинастыру керек, — деп атап өтті Мұрат Өтешов.
Кездесуге қатысушылар біздің өңірде «Ұлт тарихы» орталығын ашу туралы ұсыныс айтты, онда ұлтымыздың тарихын көрсету, жастарды атқа мініп үйренуге, ұлттық спорт түрлеріне баулу үшін ат-спорттық клубтарын ашу мүмкіндігі қарастырылған.
Салт аттылық мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, «Алтын адам», түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан — алма мен қызғалдақтар отаны — Президенттің айтқан Ұлы Даланың осы қырлары өңір тұрғындарының айтылған жобалардың маңыздылығын түсінуі мен ұғынуынан сөзсіз көрініс табады.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі