Атырауда «БЕКІРЕ-2018» балық қорғау науқанының алғашқы нәтижелері жарияланды

Құқық бұзушылардан 768 кг балық тәркіленіп, оның 32 кг бекіре тұқымдас түрлеріне 336 мың 800 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Бұл туралы «Бекіре-2018» акциясының үйлестіру штабының отырысында Атырау облыстық орман және жануарлар әлемі инспекциясының өкілі Олег Тушканов мәлімдеді.
Акция басталғалы 47 қоршаған ортаны қорғау заңнамасының бұзылуы анықталды, олардың 42-і Атырау облысының аумағында, 3-і Маңғыстау облысында, 2-і БҚО-да.
28 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 19 балық аулау және 5 бірлік жүзу және көлік құралдары тәркіленді. Құжаттар сотқа жіберілді.
Сонымен қатар, науқан барысында мемлекеттік тапсырыс бойынша екі бекіре зауытына салмағы 100 кг, ұзындығы 2 метр еркек бекіре, салмағы 38 кг ұрғашы бекіре және осындай айырмашылықтағы екі шоқыр балығы ауланды.

Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.