АТА АСАНӘЛІНІҢ — ТАРАЗДЫҚ БАЛА АСАНӘЛІГЕ БАТА БЕРУІ…

Асанәлі Әшімов ағамыз 85 жас мерейтойы қарсаңында Таразға өнер сапарымен келгенінде, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында қызмет істейтін Мәнсия деген театр қызметкерінің 10 жасар Асанәлі атты баласына ақ батасын беріп, балғын жастың болашағына ақ жол тіледі.
… Ең қызығы бүгінде 10 жасқа келген Асанәлі атты ол бала осы уақытқа дейін өзінің аттас атасы Асанәлі Әшімовпен бірде-бір рет кездеспеген екен…
2022 жылдың 22 сәуірі күнгі Асанәлі Әшімов атасымен тұңғыш рет кездесіп, бата алған сәті бала Асанәлінің жүрегіне «бақытты күндерінің бірі» ретінде мәңгілікке ұялап қалары анық…