Атақты спортшы Энтони Джонсон қайтыс болды

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, спортшының өліміне денсаулығының сыр бергені себеп болған.

Америкалық аралас жекпе-жек шебері Энтони Джонсон 38 жасында өмірден өтті. Tengri Sport-тың жазуынша, спортшы өлімінің себебі ресми айтылмады.

Спортшы ең соңғы жекпе-жегін былтыр Bellator 258 турнирі аясында мамыр айында өткізген. Қарсыласын нокаутпен жеңген. UFC-тің чемпиондық титулы үшін жекпе-жекке шыққанымен, сәтсіздікке тап болған.

semeytany.kz