Ат тергеу — әдемі әдет

Қазақ салт-дәстүрі адамға сыйластық пен құрмет көрсетуге құрылған. Соның бір мысалы – ат тергеу. Ат тергеу – ізеттілік, көрегенділік, кішіпейілділік қасиеттерінің ең биік көрінісі. Келіндер қауымының қайын жұртындағы әулет мүшелерінің, ауыл үлкендерінің атын атамай, әрбіріне ерекшелігіне қарай жеке-жеке ат қоюы. Осы туралыт бір қызық әңгімені баындай кетсем. Бірде келін: «Сарқыраманың ар жағында сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр» Білемені жанамаға жанап-жанап, тез келіңдер!» депті. Бұл келіннің Өзенбай Қамысбай, Қойлыбай, Қасқырбай, Пышақбай деген қайынағаларының атын атамау үшін тапқан тұспалы болса керек. Келін ауыл маңынан өтетін өзен бойындағы қалың қамыстың арасында жатқан қойға қасқыр тигенін ауылдағыларға осылай жеткізгісі келген.
Ел ішінде таралған осы бір мысалдан-ақ келін тарапынан қайын жұртына көрсетер ерекше құрметті аңғаруға болады.
Ат тергеу – қазақ халқының тәрбиелік мәні зор сонымен қатар, сыйластық пен құрметтің ерекше белгісін көрсететін дәстүрінің бірі. Бұл дәстүр өз мәнісін жоғалтып бара жатқандай. Бүгінде кейбір келіндер ата-енесінің атын міз бақпай айтып, «былш» еткізетіні бар. Мәнді де құнды дәстүрімізді ұстанатындардың қатары сиреп, аз қалғандай. Кешегі келіндер айтқан “айдарлым”, “ерке қыздардың” саны азайып бара жатқаны өкінішті…