АСУ ЕКІНШІ АСУДЫ БАҒЫНДЫРДЫ

Сарысу ауданы, Жаңаталап ауылының тумасы Асу Абайұлы Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе–жегінде жеңіске жетті.
Жерлесіміздің бұл жекпе-жегі америкалық Си Джей Вергарамен екеуінің арасында өтті.
Бүл жеңісімен Асу күллі еліміздің және ауданымыздың мәртебесін асырды.
Жеңіс құтты болсын, ағайын!
Асу Абайұлы Алмабаев 1994 жылы 25 қаңтарда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңаталап аулында дүниеге келген.
Жеңіл салмақ дәрежесінде UFC демеушілігімен өнер көрсететін жауынгер. М-1 жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион.
Сондай – ақ, Absolute Championship Akhmat, AMC Fight Nights Global, BRAVE Combat Federation, M-1 Global жауынгерлік ұйымдарының турнирлеріне қатысумен танымал.