Астанада Президенттік резерв кадрларын даярлаудың кезекті курстары ашылды

Бүгін Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясында құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрған қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттырудың кезекті курстарының ашылуы өтті.

Бұл курстарға тыңдаушылар ретінде прокуратура мен ішкі істер органдарының орталық аппараты мен облыстық бөлімшелерінде басшылық лауазымдағы қызметкерлері қатысады. Оқытудың негізгі мақстаты – тыңдаушылардың басшылық қызметке тағайындалуы үшін қажетті кәсіби дағдылары мен басқару құзыретін  жетілдіру.

Академия ректоры Ұлан Байжанов іс-шараны аша отырып, резервистерді болашақта бұдан да жауапты басшылық қызметке даярлауда оқыту курстарының маңыздылығы мен практикалық пайдалылығын атап өтті.

Ұ.Байжанов айтып өткендей, Мемлекет басшысы қоғам талаптары мен жоғары халықаралық стандарттарға жауап беретін құқық қорғау жүйесін құру міндетін алға қойды. Бұл үшін елімізге жаңа формацияның басшылары, яғни, білімді, адамгершілік қасиеттері жоғары әрі адамдардың сенімінен шығатын басшылар қажет. Өз кезегінде Академия Президенттік резервте тұрған кадрларды арнайы даярлаудың жүйесін жүзеге асырып жатыр. Өткен жылы Президенттік резервті даярлау курстарынан покуратура, ішкі істер органдары, экономикалық тергеп-тексеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметтерінің 45 қызметкері өтті, олардың 9-ы басшылық қызметке тағайындалды, — деп атап өтті ректор.

%d1%83-%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2

Оқытуды жоғарғы деңгейде өткізу үшін алдыңғы курстарды ұйымдастыру кезінде алынған тәжірибені ескере отырып, арнайы оқу бағдарламасы әзірленді. Алғаш рет оқу процесіне басшылық қызметтегі аналитикалық жұмыс негіздері бойынша жаңа модуль енгізілді. Ол қызмет бабындағы міндеттерді шешу кезінде аналитикалық қабілетті жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ Бас Прокуордың тапсырмасын орындау аясында басқарудың трансформациясы мәселелері бойынша тренингтер енгізілді (Change programme).

Жалпы алғанда оқыту процесі қалыпты және кризистік жағдайларда ұжымды тиімді басқарудың (HR-менеджмент) кәсіби дағдыларын дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар курс тақырыбы стратегиялық әрі мемлекетіміз үшін өзекті ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм және экстремизмге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған.

Жоспар бойынша курс ұзақтығы бір айға созылады және ол 145 академиялық сағатты құрайды. Олардың негізгі бөлігі кейстік тапсырмаларды шешуге және құқық қорғау қызметіне мейлінше жақындатылған жобаларды жасауға арналатын болады.   

Жиналғандарды курс бағдарламасының ерекшеліктерімен таныстырып өтіп, Ұлан Байжанов барлық тыңдаушыларды нәтижелі жұмыс жасауға шақырды.

Оқыту курстарын ұйымдастыруға Еуропалық Одақтың  «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының қатысушылары, мемлекеттік органдар мен еліміздің жетекші ғылыми-білім беруші мекемелері белсенді көмек көрсетуде.

Бас прокуратураның жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі