Астана қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында ағаш егу науқаны өтті
Бүгін Астана қаласы Нұра ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” акциясы аясында ағаш егу науқаны өтті.
Шараға Тұран даңғылының бойында орналасқан “Ана мен бала орталығы”, “Кардиология орталығы”, “Республикалық диагностика орталығы” сынды айтулы емдеу мекемелері, Нұра ауданы әкімшілігінің қызметкерлері, мектеп ұжымдары келіп қатынасты.

-“Бұл Нұра ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен жасалып жатқан шара. Бүгін қатырынан екінші апта, ағаш егіп жатырмыз. Науқан алдағы апталарда да жалғасады. Жалпы 4500 түп ағаш отырғызу жоспарымызда бар. Бұлардың барлығы Астананың климатына бейімделген, 8-9 жылдық көшеттер. Жас көшеттерге қарағанда қатарға қосылуы жақсы болғандықтан әдейі таңдап алып отырмыз”- дейді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова.




