«Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Политехникалық колледждің қабылдау комиссиясы жұмысына мониторинг жүргізді

Карантин жағдайына байланысты, қабылдау комиссиясы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бүгін Политехникалық колледждің директоры Қасымхан Сенғазыев 2020-2021 оқу жылына қабылдау комиссиясының жұмысымен таныстырды. Шараға қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева, «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекенов және жоба менеджерлері қатысты.

 

 

Карантин жағдайына байланысты комиссия жұмысына өзгерістер енгізілген. Оған сәйкес түсу емтихандары жүргізілмейді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына оқуға түсушілер үшін конкурс міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балы бойынша өткізіледі

Колледждің директоры Қасымхан Сенғазыев қабылдау комиссиясының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізілетінін айтты.

Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 20 маусымынан басталған. Алдағы оқу жылына колледжге 450 мемлекеттік грант бөлінген. Бүгінгі таңда конкурсқа 1083 талапкер құжат тапсырған.

Қабылдау комиссиясының құрамы ҚР Білім және ғылым министрінің қаулысы бойынша бекітілген.

Қабылдау комиссиясының құрамына жергілікті және атқарушы атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, студенттік өзін-өзі басқару ұйымы мен ата-аналар кеңесінің өкілдері кірген.

Комиссия жұмысындағы тағы бір жаңашылдық – колледждің сайтында күнделікті оқуға тапсырушылардың жиынтық балы көрсетілген тізім жарияланады. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында құжатта жиынтық балдың қорытындысы бойынша талапкердің нешінші орында тұрғаны көрсетіледі. Яғни, кез келген оқуға тапсырған азамат өзінің мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға түсуіне қаншалықты мүмкіндігі бар екенін ашық көре алады.

Мирас Шекенов бұл тәжірибені елорданың басқа колледждеріне енгізу қажетін атап өтті. Қабылдау комиссиясының ашықтығы «Астана – адалдық алаңы» жобасының жұмыс қағидаттарына сәйкес келеді. Жобаны іске асырудың басынан бастап политехникалық колледж оқу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысқа белсенді кірісті, сонымен қатар дәл осы оқу орны қоғам белсенділерімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Шара соңында мониторингтік топ колледждің «Саналы ұрпақ» жоба кеңсесінің жұмысымен танысты.