«Астана – адалдық алаңы» Алматы ауданындағы үйлерді жөндеу сапасын тексерді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мен Алматы ауданы әкімдігімен бірлесіп, Сәтбаев көшесі, 8 және Қажымұқан көшесі, 14/1 мекен-жайы бойынша Алматы ауданындағы «Нұрлы жер – 2025» тұрғын-үй коммуналдық дамуының бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында көп пәтерлі тұрғын үйлерге мониторинг жүргізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

 

Нұр-Сұлтан әкімдігі «Нұрлы жер – 2025» бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етеді. Бүгінгі таңда мердігер мекемелер анықталып, осы жылдың 20 мамырынан бастап құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Мониторинг барысында тұрғындардың талап-тілектері тыңдалды, ақаулар анықталып, мердігер компанияға оларды жою туралы тапсырмалар берілді. 2020 жылы Нұр-Сұлтанда осы бағдарлама бойынша 50-ден астам көп пәтерлі тұрғын үй жөндеу жоспарланған. «Жоспарланған жөндеу жұмыстары кезінде қаланың әр ауданында көп пәтерлі тұрғын үйлердің мониторингі жасалады», – дейді қала әкімдігінің «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева.