Астана-Қарағанды тас жолында 11 көлік соқтығысып қалды

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 29 жастағы Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі жол ережелерін сақтамағанын анықтады. Ол арақашықтықты сақтамай, сондай-ақ жылдамдық режимінен асып, алда келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан 11 көлік соқтығысты, — дедіАқмола облысы полиция департаменті.

Зардап шеккен бес адам әртүрлі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілген.

 

 turkystan.kz