Ашық аспан астында «Абай жолы» деректі фильмі көрсетілді
Түркістан қаласында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онкүндік аясында ашық аспан астында «Абай жолы» деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Кешкі уақытта өткен ерекше форматтағы іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, жалпы саны 100-ге жуық адам қатысты.
Қазіргі таңда визуалды түрде қабылдау үрдісі артып келе жатыр дейді ұйымдастырушылар.«Фараб» кітапханасының қызметкерлерінің айтуынша кітапхананың тұрақты оқырмандары да атсалысқан. Олар оқырман сұранысына сай ақпаратты тек мәтіндік емес, осы үлгіде беруге тырысыпты. Очылайша кітапхана да өз қызметін жаңаша форматта ұсынуға бет бұрды. Сол себепті «Абай жолы» деректі фильмі ашық аспан астында көпшілік назарына ұсынылды дейді. Аталған жоба шеңберінде жыл соңына дейін түрлі деректі және көркем фильмдер көрсетіліп, әрбір кинотуындыдан кейін тақырыптық талқылаулар, пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылмақ.
Көрсетілім барысында оқырмандар Абай тұлғасының көркем бейнесі мен заманына терең бойлап, фильм арқылы оның ғибратты ғұмыры жайлы тың деректер алды. Ашық аспан астындағы бұл рухани кеш көпшілік көрерменге ерекше әсер сыйлап, олардың тарапынан жылы пікірлер мен шынайы алғыстар айтылды. Кітапхана ұжымы тарапынан осы форматтағы көрсетілімдерге сұраныстың жоғары екені ескерілсе, оқырман қызығушылығына орай алдағы уақытта «Фараб кинотеатры» жобасын тұрақты түрде жалғастыру жоспарланып отыр.
Аталған деректі фильм негізіненАбай Құнанбаевтың заңгерлік және реформаторлық қырын айшықтайды. Туынды 180 жылдық мерейтойы аясында дайындалған және Абайдың ақындық қасы заңгерлік трактаттарын да қамтыған үздік, терең зерттеу туындысына айналды. Фильмнің сюжеті 1885 жылғы Қарамола жәрмеңкесіндегі төтенше съезд оқиғаларынан мағлұмат береді. Ұлттық құқықтық сананы жаңғыртуға жасалған маңызды қадам нәтижесінде туындаған фильмді көпшілік ықыласпен қабылдары анық.
Түркістан қаласы


