Ашығудың пайдасы

Ашығу жолы арқылы ағзаны тазартудың өзге әдіс-тәсілдерден артықшылығын мен нақты мысалдар келтіре отырып дәлелдегім келіп отыр. Әңгіме Поль Брэгтен кем түспейтін, ұлы ғалым, академик, кардиохирург Николай Михайлович Амосов туралы болмақ.
Брэгг те, Амосов та өз іс-әрекеттерімен салауатты өмір сүру салтының үлгісін көрсеткен. Олардың көзқарастары мен бағдарламалары тек төменде айтылатын жағдайларда ғана өзгеше болмаса, басқа тұста толығымен сәйкес келген.
Н.М.Амосовтың атадан келе жатқан нашар генетикалық жанұялық тұқым қуалаушылығы болған. Амосов жанұясындағы ер адамдардың барлығы өз жасынан бұрын, елуге жетер-жетпестен дүние салып отырған. Тұқым қуалап келе жатқан мұндай бейімділіктен толықтай хабары бар Амосов өмір бойы белсенді түрде салауатты өмір салтын ұстанып келген. Оның өзіндік сауықтыру бағдарламасы төмендегідей шаралардан тұратын еді:
— салауатты, теңгерілген және мөлшері қанағат тұтуға арналған тамақтану үрдісі;
— дене шынықтыруға арналған күшті дайындық, тұрақты түрде жүгірумен, жаяу жүрумен, жаттығу жасаумен, гантельдер көтеру және су процедураларын жасаумен айналысу;
— бүкіл өмірін (немесе бүкіл жан-тәнін) салауатты өмір салтын насихаттауға, шәкірт тәрбиелеуге және қоғамдық ағартушылық дәрістерін жүргізуге арнау.
Өзінің айрықша біткен ерік-жігерінің арқасында ол осы бағдарламаны өмір бойы ұстанып келді және таң қалдырарлық нәтижеге қол жеткізді: тұқым қуалап келе жатқан генетикалық кодпен белгіленген өмір сүру мерзімінен екі есеге жуық артық өмір сүріп, 89 жасында дүниеден озды.
Брэгг тоқсан бес жасында қайтыс болды, дәлірек айтқанда виндсерфинг теуіп жүріп қайғылы оқиғаға тап болды. Тоқсан бес жастағы қария натуропаттың мәйітін тілген кезде оның ішкі мүшелерінің биологиялық жасы 45-50-лердегі адамның мүшелеріне сай келетіндігі анықталған. Аталған екі ұлы адамның ағзаларының мұндай биологиялық жағдайын олардың бір-бірінің бағдарламаларының тұтастай сәйкес келуімен түсіндіруге болады. Расында олардың бір нәрседен басқа іс-әрекеттерінің бәрі ұқсас болатын.
Брэгг ұзақ өмір сүру және денсаулықты қалпында сақтау үшін бірінші кезекте дистильденген су ішуге негізделген ашығу әдісі арқылы ішкі мүшелер мен ағзаның жүйелерін тұрақты түрде мұқият тазартып отыруға үлкен мән берді. Ал бұл Амосовтың бағдарламасында болған жоқ.
Біздің ағзамыз өздігінен тазара алмайды. Біз күн демей, жыл демей ішіне толтырылған тамақпен нығыздай отырып ағзамызға ондай мүмкіншілік бермейміз. Бірінің артынан бірін жеумен шектелмей, кейде тіпті ағзаға ешқандай пайдасы жоқ тағам түрлерін де қолданатынымыз бар. Ал ағзамыз болса осының бәрін қорытып, артығын сыртқа шығарып үлгеруі тиіс. Бұл ағзамыздың үздіксіз айналысатын іс-әрекеті. Мұнда жасуша деңгейінде тазару былай тұрсын, келесі тамақтануға дейін ішегімізді босатып алудың өзі бір мәселе.
Әрине бұл дұрыс емес. Аптасына бір рет ағзаңызды 24 сағат немесе 36 сағат тамақтан өткеннің бәрін қорыту міндетінен бір сәтке демалдырсаңыз қайтеді? Оған «өзі үшін» жұмыс істеуге мүмкіншілік беріңіз. Қорыту процессін тоқтатып тазарумен айналыссын, ағзаңыздың әрбір жасушасына жиналып қалған тұздардан, токсиндер мен қождан арылсын. Иә, жай ғана су емес, жасушаларға еніп, онда түзілген кристалдар мен қождарды еріте алатын дистильденген суды пайдаланыңыз. Дистильденген су — күшті зәр айдағыш құрал. Күніне 2,5 литрден 3,5 литрге дейін су ішетін болсаңыз жарты сағат-бір сағат сайын кіші дәрет қыстайды да тұрады, бұл жасушаларды жиналған қоқыстан тазарту үшін қажетті құбылыс. Осылайша апта сайын, ай сайын, жыл сайын шағын-шағын мөлшерден басталып ластанған ағзамыздың әрбір жасушасы біртіндеп тазарудан өтеді.
Тазару іс-әрекетінде өзінің үйреншікті күн тәртібін өзгерте алған, ерік-жігері күштілер жақсы жетістіктерге қол жеткізеді. 35-40 жастан асқандар үшін бұл өте ауыр мәселе екені белгілі. Әр адам өзі үшін өзі шешім қабылдайды.

 

Shynar Ábilda фейсбук парақшасынан