Арыста бағаны тұрақтандыру үшін қомақты жұмыстар атқарылуда

Бағаның шарықтап өсіп кетуі қарапайым халықтың қалтасына салмақ салары сөзсіз. Бағаны тұрақтандыру бойынша жергілікті атқарушы орган тарапынан қаншама жүмыстар атқарылып жатыр. Оның нәтижесі де жоқ емес. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев барлық аудан-қалалардың басшыларына бағаны тұрақтандыру бойынша тапсырма берген болатын. Сол тапсырма негізінде аудандар мен ауыл округтерінде әлеуметтік дүкендер мен базарлар ашу қолға алынуда.

Соның айғағы ретінде Арыс қаласы әкімдігінің қаладағы «Арысбай» базары әкімшілігімен ортақ меморандумға отыруын айтсақ болады. Соның нәтижесінде «Арысбай» сауда орталығында базар нарығынан төмендетілген бағада азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын әлеуметтік сауда қатары ашылды. Оған қала әкімі М.Қадырбек пен әкімнің орынбасы С.Дәрібай, кәсіпкерлер мен мекеме, бөлім басшылары, қала тұрғындары қатысты. Халық игілігі үшін ашылған әлеуметтік сауда қатарында алғашқы күннен бастап-ақ күнделікті халық тұтынатын тауарлар нарықтағы бағадан төмен бағада сатыла бастады. Жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың да тауарлары сауда қатарына қойылып, екі жақты да тиімді жағдай қалыптасты деп айтуға болады.

Мұндай халық игілігі үшін маңыздылығы айрықша әлеуметтік сауда қатарларының көбейіп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін диқандар мен шаруалардың ел игілігіне жұмыс атқаруына қолдау көрсетілетін болады.

Р. БАЛАБИ,